Астана күніне арналған «Шуақты қала» шеберлер қаласын өткізу туралы ақпарат

Астана күніне арналған «Шуақты қала» шеберлер қаласын өткізу туралы ақпарат

Өткізілетін уақыты: 2021жыл 1 шілде

Өткізлетін орыны: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ютуб каналы және ресми сайты.

6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласының барша тұрғындарының, соның ішінде ең кішкентай тұрғындар үшін ерекше және айтулы мереке. Жыл сайын астананың барша бүлдіршіндері осы мерекені - қала күнін асыға күтеді.

Қала күнін тойлау қарсаңында, 2021 жылдың 1 шілдесі М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері осы күні нағыз шығармашылық пен қиял жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл жобаның мақсаты: тәрбиеленуші балаларды өнер әлеміне деген қызығушылыққа тәрбиелеу, каникул кезеңінде балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге жәрдемдесу.

Бұл күні елордалық Арбат көшесінде әсерлі және ерекше атмосфера орнады.    Елорда тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй, ерекше қызығушылық лебін Жазғы шығармашылық мектебінің жас шеберлері тарту етті. Көрмеге қойылған барлық қолдан жасалған бұйымдар Оқушылар сарайында  жазғы каникул кезінде үйірмелерде жасалған. Олардың ішінде: әр түрлі техникадағы суреттер, декупаж, оригами, пластилин мен импровизацияланған материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары. Сондай-ақ, көңілді Шеберлер қаласының тәрбиеленушілері кішкентайлар үшін ерекше ойын-сауықтар мен аттракциондарды өз қолдарымен дайындады, бұл әркімнің жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Жазғы шығармашылық мектеп ұжымы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының кубогымен, «Астана шеберлері», «Елорданың үздік шеберлері», «Нұр-Сұлтан мақтанышы» номинацияларымен марапатталды.