«Балалық шақтың жарқын бояуы» атты суреттер челленджі

«Балалық шақтың жарқын бояуы» атты суреттер челленджі
2020 жылдың 1 маусым күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақтың жарқын бояуы» атты суреттер челленджі өткізілді. Барлығы 30-дан артық суреттер жолданды. Ең жарқын сурет авторлары таңдалып, оларға интервью түрінде балалық шақ, бақыт жайында шағын сұрақтар қойылды. Осы челлендж қорытындысында әзірленген бейнеролик Сарайымыздың әлеуметтік желілеріне және ресми сайтына салынған болатын.
Аталмыш челленджге Сарайымыздың тәрбиеленушілері қатысып, төмендегі тақырыптап бойынша өз суреттерін жолдады:
• «Денсаулық»,
• «Бақыт»,
• «Достық»,
• «Отбасы»,
• «Балалық шақ»,
• «Әлем балалары»
Барлық фестиваль қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының арнайы дипломдарымен марапатталды.