«Біз Жеңістің әнін жырлаймыз» Отбасылық ретропремьера жобасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Біз Жеңістің әнін жырлаймыз» Отбасылық ретропремьера жобасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Жоба мақсаты: "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға ықпал ете отыра, адамгершілік, патриоттық идеалдарды, ұлттық-патриоттық сезімді қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.

Қатысушылар: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының филиалдары, комьюнити-орталығы, жексенбілік мектептер, вокалдық ұжымдары мен ата-аналар қауымы

Өткізілу мерзімі:
1 кезең. 18 сәуір 2020 ж. сағат 18.00-ге дейін – бейнематериалдар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электронды поштасына қабылданады.
2 кезең. 19 сәуір 2020 ж. - бейнематериалдар қабылдау аяқталады. Ұйымдастыру комитеті материалдарды реттейді
3 кезең. 27-29 сәуір 2020 ж. - М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының ютуб каналында барлық бейнематериалдар қаралымда болады және көрермендер дауыс беруі жүзеге асады.
4 кезең. 5 мамыр - «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазын жариялау.

Жобаның өткізілу шарттары:

1. Жобаға қатысуға ниет білдірушілердің барлығы көрсетілген мерзімде Ұлы Отан Соғысы кезіндегі әнді (жеке немесе топтық) отбасымен орындау видеосын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына жіберуі қажет.
2. Видео атауы міндетті қатысушылардың тегі, аты, ән атауы жазылуы тиіс.
Байланыс телефонымен қоса жолдауы керек. Видео көлемі 100 Мб-тан аспау керек. Формат: мр4
3. Қатысушыларға қойылатын талаптар: сырт келбеті, орындау деңгейі, дыбыс сапасы, репертуар жоба тақырыбына сай болуы керек, орындаушылардың образы мен шеберлігі сақталуы тиіс. Міндетті түрде үй жағдайындағы түсірілімнің фонына назар аударыңыздар.Ережеге сай келмеген видеоларды ұйымдастыру комитеті жүктемеуге құқылы (мазмұны, файлды сақтау және жіберу талабы сақталмаған жағдайда және техникалық ақауларға байланысты, сонымен қатар белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жағдайда)
4. Видеолар 2020 ж. 27-29 сәуір аралығында сағат 12.00-18.00 аралығында жүктеліп, М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының ютуб каналында қаралымда болады.
5. Халықтық дауыс беру (яғни «лайк» санына байланыста) бойынша үздік болған видеоматериал ұйымдастыру комитеті атынан естелік сыйлыққа ие болады!
6. "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау қорытындысы 2020 жылдың 5 мамыр күні жарияланады.опубликовано 5 мая 2020 года.