Елорда күніне арналған «Біздің ауданда...» атты он-лайн фотоквест

Елорда күніне арналған «Біздің ауданда...» атты он-лайн фотоквест

2020 жылдың маусым айының 17 жұлдызында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы «Біздің ауданда...» атты танымдық он-лайн квесті ұйымдастырды. Бұл дистанциялық жобаның мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, туған қаласының тарихымен танысу арқылы, өз туған жеріне сүйісреншілікті тәрбиелеу. Іс-шараға "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Алматы", "Есіл" командалары болып қаланың әр аудандарынан қатысты. Әр команда үшін өз ауданының көрікті жерлерінен тапқырлықты білуге арналған тапсырмалар ұсынылды. Барлық қатысушылар шығармашылық сынақтардан өтіп, өз ауданының көрікті табиғатың немесе өз ауласының әсем жерлерінің фотоматериалдарын ұсыну ең креативті тапсырманың шарықтау шегі болып табылды. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жобасына белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

#ns_bilim_holiday