Экспресс-эстафета «Жаңа жылдық сапар»

Экспресс-эстафета «Жаңа жылдық сапар»
25 желтоқсан күні сағат 11.00-де М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға және оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балаларға жаңа жылдық сыйлықты әрқайсысына арнайы табыстау мақсатында экспресс-эстафета «Жаңа жылдық сапар» өткізілді.


Дәстүр бойынша шектеу шараларын ескере отырып, жаңа жылдық сыйлықтарды беру эстафетасын елорданың бас Аяз Атасы мен Ақшақары, ертегі кейіпкерлері Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары: «Лим-по-по» жас актер үлгілі театры және «Эдельвейс» үлгілі заманауи би студиясының өнерпаздарының қатысуымен өтті. Жаңа жылдық сыйлықтарды беру эстафетасын Аяз Ата мен Ақшақар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының нышаны ретінде елордалық әкелер кеңесінің мүшелері 30 Аяз ағайындының көмегімен жүзеге асырды. Әсем қаламыздың қарлы көшелерімен зулаған Аяз-Айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан Аяз аталары мен Ақшақарларынан құралған жаңа жылдық рейс Жаңа жылдың басты кейіпкерлерін күтіп, оларға өздерінің арнайы әні мен биін, тамаша өнерлерін дайындап отырған елорданың ұлдары мен қыздарына жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізді.