М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері арасындағы «Ұстаздық – ұлы құрмет» құттықтау greeting-видеосы жайлы ақпарат

М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері  арасындағы «Ұстаздық – ұлы құрмет» құттықтау  greeting-видеосы жайлы ақпарат

Ұстаздар  күні - әрбір оқушы, тәрбиеленуші  өз педагогтарына олардың қиын да игілікті еңбегі, зейіні мен шыдамдылығы, ықыласы мен махаббаты үшін өз алғысын білдіре алатын тамаша мереке.

2020 жылдың 30 қыркүйегінде М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Ұстаздар күніне орай өздерінің ұстаздарына арналған greeting-видеосын арнады. Бұл бейнематериалда тәрбиеленушілер М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұстаздарына олардың қажырлы еңбегіүшін  шын жүректен алғыстарын білдірді.

Бұл жобаның мақсаты педагог кәсібінің беделін арттыру және қосымша білім беру педагогының мамандығына қызығушылықты арттыру болды. Жобаға  40-тан астам сарай тәрбиеленушілері қатысты.

Greeting-видео М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жарияланатын болады.