Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана – деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт туралы АҚПАРАТ

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана – деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт туралы АҚПАРАТ

2022 жылдың 3 наурыз күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана – деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт бағдарламасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты -  нәзік жанды арулар мен аналарға деген құрмет білдіру. Мерекелік концерттің шымылдығын Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының «Алтынай» халық би ансамблі ашқан болатын.

Мерекелік шараның басты қонақтары ардақты ардагерлер қауымы болды. Бағдарлама барысында нәзік жандылар қауымына жылы тілектер мен әсем әндер жолданды.

Концерттік бағдарламада «Елорда» халықтық ардагерлер хоры, «Шаңырақ» әжелер ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Сағыныш сазы» фольклорлық ансамблі және «Шаңырақ» домбыра ансамблі өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаның барлық қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының алғыс хаттарымен марапатталды
Image