III қалалық «Рахмет саған, туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

III қалалық «Рахмет саған, туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған білім беру ұйымдарының әкелер мен ер балалары арасында III қалалық «Рахмет саған, туған ел»  атты  патриоттық әндер байқауы өткізілді.

«Рахмет саған, туған ел» байқауы әр салада қызмет етіп жүрген, бірақ қоғам алдындағы міндеті бір белсенді әкелерді біріктіріп отыр. Бұл байқаудың нақты міндеттері музыкалық өнер саласындағы қатысушылар арасында талантты анықтау ғана емес, сонымен қатар бірлескен әуесқой отбасылық шығармашылықты насихаттау және отбасылық тәрбие үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көбірек әкелерді тарту болып табылады.

Байқауға келіп түскен 44 өтінімнің ішінен 11 ұжым ақтық мәреге өтті: №71 МЛ, №22 МГ, №87 МГ, №29 ОМ, №52 МГ, №58 МГ, №59 МЛ, №64 МЛ, №77 МГ, №79 МЛ, №89 МЛ. Жеңімпаздар есімі  2021 жылдың 13 желтоқсанында өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.