Халықаралық әкелер күні

Халықаралық әкелер күні
2021 жылдың 18 маусым күні Халықаралық әкелер күні қарсаңында, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елорданың белсенді әкелерін марапаттау салтанаты өтті.

“Елордалық әкелер кеңесі” жобасы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен 2019 жылдан бастап бастау алды. Бұл жоба отбасы мен бала арасындағы қарым-қатынасты, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарының алғыс хатымен М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының және түрлі білім ұйымдарының 30-дан астам әкелері әлеуметтік маңызы бар жобаларға қосқан үлестері үшін марапатталды.

Барлық Елордалық әкелер кеңесі атынан алғыс білдіріп, болашақтағы
атқарылатын жұмыс, ынтымақтастық туралы Сейдахмет Шаһаризат Шамшиденұлы (Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы), Авдеев Андрей Леонидович (№28 мектеп-лицейі) өз лебіздерін жеткізді. Музыкалық құттықтауды Хамзин Әділ №59 мектеп-лицейінің және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының “Бомонд” спорттық- бал би ансамбілі “Эдельвейс” заманауи би студиясымен ән шашуын арнады.