«Көңілдің асыл пернесі …» Халықаралық шығармашылық байқауының қорытындысы

«Көңілдің асыл пернесі …» Халықаралық шығармашылық байқауының қорытындысы
2020 жылдың 15 желтоқсанында Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі …» Халықаралық шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Халықаралық Түркі академиясы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.

Жыл сайынғы «Көңілдің асыл пернесі …» шығармашылық байқауы Елбасының «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының негізі болып табылатын халықтық дәстүрлерді сақтауға және жас ұрпақ бойындғы адамгершілік қасиеттерді байытуға бағытталған. Байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы кезеңде оған республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінің үш мыңнан астам оқушылары қатысты.

2020 жылы байқау халықаралық деңгейде өткізіледі. Онлайн форматқа 300-ден астам орындаушылар қатысты, олардың ішінде Қазақстанның барлық аймақтарының, сонымен қатар Қытайдың, Ресейдің, Татарстан мен Украинаның өкілдері болды.

Байқау - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерінің тақырыбын зерттеуге және танымал етуге негізделген. Конкурстық өтінімдердің арасында Елбасы өлеңдеріне жазылған және отанына, халқына, ел тарихы мен дәстүріне деген құрмет сезімін бейнелейтін әндер бар.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 37 үміткер финалға өтті. Жеке орындаушылар, дуэттер мен вокалды топтар қазылар алқасына өз өнерлерін ұсынды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша екі жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталды: 12 ден 14 жасқа дейін және 15 тен 17 жасқа дейін:

«Бабамнан калған кең дала»
  номинациясында (Н.А. Назарбаевтың өлеңдеріне ән орындау)

12-14 жас санаты бойынша:
3 орын – Искакова Дана, Қызылорда облысы, Арал қ.;
2 орын – Хамзин Адил, Нұр-Сұлтан қ.;
1 орын – Бурбукин Ярослав, Нұр-Сұлтан қ.

«Елбасының сүйікті әндерінің толқынында» номинациясында  (Елбасының сүйікті әндерін орындау)

12-14 жас санаты бойынша:
3 орын – Амантай Әмірхан, Ақтөбе қ.; Нургали Тамирлан, Алматы қ.;
2 орын – Кенжебекова Елдана, Екібастұз қ.; Каюсова Алиса, Шонова Алия,
Алматы қ.;
1 орын – Биржанова Аделя, Нұр-Сұлтан қ..

«Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы... » номинациясында – Оралбай Сұлтанмахмут, Нұр-Сұлтан қ.

15-17 жас санаты бойынша:
3 орын – Талапкан Кастер, ШҚО, Ұржар ауданы, Мақаншы ауылы;
Лисунова Виктория, Нұр-Сұлтан қ.;
2 орын – Дусаева Асель, Ақтөбе қ.; Мақсатов Дастан, Екібастұз қ.;
1 орын – Тәліп Ботакоз, Жетысай, Түркістан облысы.

«Қасиетті домбыра» номинациясында. 
12-14 жас санаты бойынша:
2 орын – «Жанат» дәстүрлі ән вокалдық тобы, Ақтөбе қ.;
1 орын – Омар Ерсултан, Нұр-Сұлтан қ.
15-17 жас санаты бойынша:
3 орын – Санбаев Айбар, Ақтөбе қ.

«Әсем әнім сырнайдай...»
номинациясында. 
12-14 жас санаты бойынша:
2 орын – Юнусова Малика, Ресей Федерациясы, Татарстан, Қазан қ.;
1 орын – «Ладоньки» вокалдық тобы, Украина Республикасы.
 
«Аманат» – номинациясы бойынша Оғлан Ғалымбекұлы, Қытай Халық
Республикасы, Пекин қ.
15-17 жас санаты бойынша:
3 орын – Петрова Динара, Ресей Федерациясы, Татарстан, Қазан қ.

Конкурстың бас жүлдесін Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласынан офия Решетняк иеленді.