М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының "Наурыз-думан" атты мерекелік бағдарламасы

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының  "Наурыз-думан" атты мерекелік бағдарламасы
Барлық қазақстандықтар үшін ең ерекше мерекелердің бірі - Наурыз! Бұл-бейбітшілік пен көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары қашықтық форматта елорданың барлық тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бағдарламаға: "Алтын дән", "Шашу", "Алтынай" халық би ансамбльдері, "Гүлдәурен", "Звездный час" вокалдық ансамбльдері, "Созвездие" бал би ансамблі және "Домбырада ән салу", "Болашақ"домбыра ансамблінің солистері қатысты. Бағдарламаның шарықтау шегі мерекенің көптен күткен қонағы – Қыдыр атаның келуі болды, ол жер бетіндегі барлық адамдарға батасын берді.