«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ- МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауының марапаттау рәсімі

«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық ӘДЕБИ- МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР байқауының марапаттау рәсімі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жыл толуы аясында, 2021 жылдың 19 ақпанында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Махамбеттің жас ұрпақтары!» V Республикалық әдеби-музыкалық композициялар байқауының жеңімпаздары мен жүлдергерлерін салтанатты мараптаттау өтті.
2003 жыл Оқушылар сарайы үшін айтулы оқиға – қазақтың ұлы батыры, ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына 200-жыл толуына орай ақынның есімі берумен бастау алды Астаналық оқушылар үшін дәстүрлі және ерекше маңызды жоба жыл
сайынғы қалалық Махамбет оқуларына қатысу болды, ол елорданың мыңдаған жас патриоттарын бірыңғай шығармашылық пен Махамбеттің ұлы мұрасының ізбасарлары болумен біріктірді.
2016 жылдан бастап байқаудың ауқымы республика деңгейінде кеңейді. Махамбеттің жас мұрагерлері еліміздің әр түрлі қалаларынан өз шығармашылығымен, шеберлігімен, театр өнерлерімен, ұлы батырдың шығармашылығын дәріптеуімен бөліседі.
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында салтанатты түрде өткен мерекелік бағдарламаны "Махамбет" тақырыптық фильмі ашып, одан кейін байқау жеңімпаздарының қатысуымен театрландырылған алғы сөзбен жалғастырылды. Махамбетті ақын бейнесінде № 77 мектеп оқушысы – Орлабай Бағжан таныстырды. Махамбет батыр бейнесінде көрермендер алдына № 37 мектеп – лицейінің оқушысы Княз Жасұлан шықты. Алғы сөздің соңында М. Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" шығармасын № 78 мектеп оқушысы Шынали Сабыржанның орындауында шырқалды.
Марапаттау рәсімі төрт бөліктен тұрды: I, II, III орын алған ұжымдарды,сондай-ақ конкурс номинацияларында атап өтілген қатысушыларды құттықтау. Бағдарламаның соңы, жобаға қатысушылардың барлығын Оқушылар сарайының "Бәйтерек" халық би ансамблінің музыкалық құттықтау биімен аяқталды.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау жағдайында өтті.
Еске сала кетсек,"Махамбеттің жас ұрпақтары!" 2021 жылдың 10-12 ақпанда аймақтық деңгейде қашықтық форматта өтті, онда әр түрлі облыстар мен қалалардан: Нұр-сұлтан қ., Өскемен қ., Қостанай қ., Петропавл қ., Алматы облысы, Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола облысынан 50-ден астам ұжым қатысуға өтінім берді.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді.
«Біз Махамбет ұрпағы» тақырыбы бойынша:
І-орын - № 37 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 77 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІ-орын - № 38 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 59 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы;
№ 71 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІІ-орын - № 28 МЛ, № 30 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы; № 48 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 73 МЛ, Нұр-Сұлтан, № 3 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы. Петропавл қаласы, «Оқушылар сарайы» МККК; Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті.

Номинациялар бойынша:

«Егеменді елдің ертеңі» - № 23 ОМ, Нұр-Сұлтан қаласы; «Дәстүрлі өнер» - № 35 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы;
«Мәдени мұраны насихаттаушылар» - № 87 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Ұлы дала ұрпағы» тақырыбы бойынша:

І-орын - № 78 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы,
ІІ-орын - № 6 Г, Нұр-Сұлтан қаласы, № 52 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІІ-орын № 8 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 4 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы.

Номинациялар бойынша:

«Үміт» - № 81 «Astsna English scholl», Нұр-Сұлтан қаласы,
«Жалынды жастар» - № 40 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы,
«Ұлт сенімі» - № 90 Г, Нұр-Сұлтан қаласы,
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» - Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызылжар ауылы, жетекшісі: Ахметбекова Камшат Кадиржанована.