«Менің Отанымның тарихы - менің тағдырым»

«Менің Отанымның тарихы - менің тағдырым»
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай 2020 жылдың 28 ақпан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Менің Отанымның тарихы - менің тағдырым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің негізгі қонақтары жексенбілік мектеп өкілдері мен тәрбиеленушілері болды. Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Дөңгелек үстелге өзбек, армян, поляк, неміс, шешен-ингуш, татар-башкир жексенбілік мектептері және «Союз казаков Степного края» жексенбілік мектебі, «Риднэ слово» қауымдастығының украин жексенбілік мектебі, Сарыарқа ауданы әкімдігінің Ардагерлер кеңесінің «Әжелер шаңырақ» ансамблі қатысқан болатын. Дөңгелек үстел барысында «Алғыс айту» күніне байланысты әр жексенбілік мектеп өз тарихы жайлы айтып, өз салт-дәстүріндегі ерекшелік туралы, бейбіт Қазақстан халқы жайлы сөз қозғады. Жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері өлең-жырларымен бөлісіп, мектеп өкілдері ұлттық аспаптарда әр түрлі музыкалық туындыларды
көрсетті.
Дөңгелек үстелдің шарықтау шегі әр ұлттық орталыққа және осы іс-шараға қатысқан барлық халықтар өкілдеріне үздіксіз және ірі достық белгісі үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Кездесудің қорытындысы ретінде барлық қатысушылар бір-біріне арнайы жылы лебіздері мен тілектерін білдіріп, арнайы жасалған тілек бой тұмарларымен алмасқан болатын.
Image
Image
Image
Image
Image