«Менің әкем волонтер» қалалық челленджі

«Менің әкем волонтер» қалалық челленджі

«Менің әкем волонтер» қалалық челленджі туралы,

2020 жыл мемлекетімізде еріктілер жылы болып жариялануына байланысты әкелер кеңесі «Менің әкем волонтер» қалалық челленджін ұсынған болатын.

            Аталмыш челленджге елордалық білім беру мекемелерінің ерікті әкелері мен балалары қатыса алады. Қазіргі таңда 40-тан астам білім мекемесі қайырымдылыққа бағытталған бұл челленджге қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл іс-шара ақпан мен сәуір айлары аралығында жүзеге асатын болады. Челлендждің алғашқы бастамасы 2020 жылдың 1 ақпан күні өтетін болады. Яғни, дәл осы күні барлық ерікті әкелер тобы өздері жасаған бір қайырымды істі бейнекамераға түсіріп, инстаграмм ғаламтор желісіне ортақ хэштегпен салатын болады. #МеніңӘкемВолонтер #ОтбасыТірегіӘке хэштегтерін белгілеу арқылы барлық челлендж қатысушылары белгілі болады.

            Алғашқы болып Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ерікті әкелер тобы іске кірісті. 2020 жылдың 19 қаңтар күні әкелер мен ер балалар тобы «Адал ниет» атты қарттар мен есте сақтау жүйесінің дерті бар адамдардың интернатына көмек көрсетіп, аула қарын күреген болатын.

Челлендж мерзімі аяқталуына байланысты белсенді қатысқан еріктілер топтары марапатталатын болады.

 

Интернет-челлендж