Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Сарайдың жаппай жобаларына қатысу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын онлайн марапаттау

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Сарайдың жаппай жобаларына қатысу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын онлайн марапаттау
2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Сарайдың жаппай жобаларына қатысу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын онлайн марапаттады. Сарайдың 30 жылдан астам қызмет ету барысында көптеген жобалар оның айрықша белгілеріне айналды және сол арқылы талантты жастардың шығармашылығына, әр түрлі өнер түрлерінде жаңа есімдердің ашылуына ықпал етті. Мәселен , «Шаттық», «Ұлы дала Ұрпағы», «Сөз шебері» жобалары. Ал «Елорданың әкелері кеңесі» әлеуметтік жобасы әртүрлі әлеуметтік санаттардағы және кәсіптік бағдардағы әкелерді біріктіретін ерекше жоба барлық инновациялық жобалардың Олимпіне айналды.

Мониторинг нәтижелері бойынша 39 білім беру ұйымы ең белсенділер қатарына қосылды. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ең ірі әрі ауқымды іс-шараларына ең белсенді қатысып және жоғары нәтижелер көрсеткен білім мекемелері:
№8,17,19, 23, 26, 27, 29, 33, 37, 38, 40, 43, 47, 66, 67, 73, 77, 32, 42, 69, 74, 79, 89, 90, 54, 58, 59, 61, 60, 64, 65, 81, 85, 87, 45, 71, 72, 2, 31

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік жобалар бөлімі тығыз серіктестікте болған білім мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын осы жүлделерімен құттықтай отыра, үлкен алғыс білдіреді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні құтты болсын!