Отбасы күніне орай “Отбасы-бақыт аманаты” атты реалити күнді өткізу туралы АҚПАРАТ

2020 жылдың 11 қыркүйегінде Махамбет Өтемісұлы атындағы
оқушылар сарайының қызметкерлері арасында “Отбасы-бақыт аманаты”
атты реалити күнді жоспарлады. Бұл жобаның басты қатысушысы елордалық
әкелер кеңесінің белсенді әкелері.
Жобаның мақсаты: отбасының ауызбіршілігін ортақ хоббилері арқылы
көрсету: йога, аспаздық, коллекциялау, қолөнер бұйымдарын жасау және
басқа да бірлескен іс-шаралар қысқаша бейнероликте бейнеленген.
“Отбасы-бақыт аманаты” жобасының қатысушылары шығармашылық
отбасылық істерді, арман-мақсаттарды бірігіп қалыптастырды және
сүйіспеншілікке, үйлесімділікке сонымен қатар өзара түсіністікке отбасы
мүшелерінің назарын аудартты.