Қазақстан халқының бірлігі Күніне орай ұйымдастырылған «Халықтар достығы – ел бірлігі» атты мультимедиялық презентациялар бойынша қашықтықтан өтетін байқау

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім, ұлтаралық сыйластық сезімін қалыптастыру;
- Қазақстанның және туған өлкенің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу,этносаралық және мәдени тәрбиенің дамуына ықпал жасау.
- Тәрбиеленушілердің осы мереке жайлы және оның Қазақстандағы орны жайлы түсініктерін бекіту.

Байқау қатысушылары:
«Халықтар достығы – ел бірлігі» атты қашықтықтан өтетін мультимедиялық презентациялар байқауына «Менің Отаным -Қазақстан», «Қазақстан халқы» тақырыбындағы жұмыстар қабылданады. Бұл қашықтықтан өтетін байқауға М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайының жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері қатыса алады.
Байқауға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдарға ие болады және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.

Байқаудың өткізілу мерзімі:

Жұмыстар қабылдануы: 2020 жылдың 15 сәуірінен 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін (соңғы күнді қоса алғанда)

Байқау қорытындысы: 30 сәуір 2020 жыл

Жұмыстарға қойылатын талаптар: байқау жұмысы презентация түрінде орындалуы тиіс. Байқауға ұсынылатын презентация PowerPoint форматында, 7-10 слайдтан құралған мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы керек. Презентация авторлық болуы міндетті, ғаламтордан жүктелген жұмыстар қабылданбайды және бағаланбайды. Бірінші слайдта автордың тегі, аты, білім мекемесі жазылуы тиіс.
Байқау тақырыптары: «Отан және бірлік», «Болашақ үшін тарихты біл», «Ер есімі ел есінде», «Қазақстан тарихындағы мерейлі күн», «Менің Қазақстаным – менің махаббатым».

Бағалау критериялары:
Жұмыстың байқау тақырыбына сай келуі;
Жұмыстың сапасы мен орындау эстетикасы;
Тақырыпты аша білу ерекшелігі;
Идеяның өзектілігі