Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік құрдастары арасындағы «Ел тағдыры - ер тағдыры» video-stories

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік құрдастары арасындағы «Ел тағдыры - ер тағдыры» video-stories
2021 жыл барша қазақстандықтар үшін айрықша тарихи күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні болып бекітілді. Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігін алған күннен бастап 30 жылдығын атап өтетін болады және дәл осы жасқа 1991 жылы туған азаматтар да толып отыр.
2021 жылдың 20 ақпан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы елорданың білім беру ұйымдарымен бірлесіп, Елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен «Ел тағдыры – Ер тағдыры» video - stories қашықтық форматында өтетін ауқымды қалалық жобаны іске қосып отыр. Жобаның мақсаты қоғамдық-пайдалы қызметтің сан қырлы түрлері бойынша өзін-өзі жүзеге асыру арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды және халықтың азаматтық-патриоттық тәрбиесін дамытуға бағытталған бірыңғай мәдени-ақпараттық қалалық кеңістікті қалыптастыру.
Біздің еліміздің құрдастары: ҚР Тәуелсіздік жылында туылған әкелер, бауырлар, ұлдар өздерінің тағдырларын, жеке тарихы мен өсу және қалыптасу кезеңдерін көрсетіп, кең ауқымды аудиториямен бөліседі.
Қазақстанның құрдастары кімдер? Олар көп және әр түрлі. Бірақ, оларды біріктірер қасиет бұл ертеңге деген сенім мен өршіл мінез, ерік-жігер. Бұл жастар Тәуелсіздік күнін өзінің екінші туған күні деп санайды. Оларды Отанға, елге деген патриоттық сезім мен махаббат біріктіреді. Тәуелсіздік құрдастары үшін Егемендік, Патриоттық сезім деген не? Қазақстанның жаңа ұрпағы қандай болу керек? Бұл сауалдарға әр жастың өз жауабы, өз қосар үлесі бар, дегенмен қорытынды түйін ретінде жаңа ұрпақ өз ісінің үздігі болу керек деген ой
бекітіледі. Ал, Тәуелсіздік әр жастың тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына негіз болып, ертеңгі күнге, болашаққа сенім береді. Тәуелсіздік құрдастары тек
қажырлы еңбек арқасында жетістікке жетуге болады деген пікірде. Дәл осылай қажырлы, талмас еңбек арқылы Қазақстан жылдар бойы дамып келеді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің Құрдастары болған ер азаматтар елі үшін асқақ мақсаттарын орныдауға ұмтылған мықты, еңсесі биік мемлекеттің бейнесі!