«Рахмет саған, туған ел» атты әкелер арасындағы II қалалық вокалдық онлайн-конкурсы бойынша қорытынды

«Рахмет саған, туған ел» атты әкелер арасындағы II қалалық вокалдық онлайн-конкурсы бойынша қорытынды
2020 жылдың 14 желтоқсанында М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында
«Рахмет саған, туған ел» атты әкелер арасындағы II қалалық вокалдық конкурсы өтті. 2019 жылдан бастап М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында қоғамдағы әкенің рөлін арттыруға, білім беру ұйымдарының белсенді әкелерін түсіндіру жұмыстарына тартуға және қаладағы әлеуметтік маңызы бар шараларға қатысуға бағытталған «Елорда әкелері кеңесі» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. «Рахмет саған, туған ел» байқауы әр түрлі санаттағы және кәсіби бағдардағы әкелерді біріктірді, қоғамдағы әкенің рөлін арттыруда бірыңғай белсенді өмірлік ұстанымға ие болды. Бұл байқаудың басым міндеттері музыкалық өнер саласындағы қатысушылар арасындағы таланттарды анықтау емес, бірлескен көркемөнерпаздар отбасылық шығармашылықты насихаттау және отбасылық білім беру үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға әкелерді көптеп тарту болды.

Елорданың 62 білім беру ұйымдарынан саны 300-ге жуық қатысып, 28 әкелер мен балалар ұжымы финалға шықты.

Қалалық конкурсқа белді қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚҰӨУ «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы; Халықаралық және республикалық байқауларының лауреаты, Өнертану ғылымдарының магистрі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Мемлекеттік академиялық филармониясының» классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің солисті; Мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, №1 балалар музыка мектебінің «Эстрадалық вокал» бөлімінің меңгерушісі болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар мен номинациялар келесідей анықталды:
Бас жүлде – № 87 МГ
І орын - № 73 МЛ, № 54 МЛ
ІІ орын - № 6 Г, № 78 МГ, № 82 МГ
ІІІ орын - № 86 МГ, № 70 МЛ, № 29 ОМ, № 77 МГ, № 59 МЛ, № 50 МЛ

Номинациялар бойынша: «Үздік дуэт, трио, квартет» - № 22 МГ, № 26 МГ, «Ең стильді орындаушылар» - № 44 ОМ, № 31 МГ, «Жезтаңдай, бұлбұл дауыс» - № 85 МЛ, № 4 МГ, «Шын жүректен» - № 16 ОМ, «Талантты өнерпаз» - № 19 ОМ, «Өнерлі әншілер» - № 28 МЛ, № 74 МГ, «Үздік патриоттық ән» - № 37 МЛ, КГУ №
81 Astana English School, «Ерекше ән айту шеберлігі» - № 48 МЛ, № 65 МГ,«Үздік
тақырыптық ән» - № 62 МЛ, № 64 МГ.

Белсене қатысқаны үшін: № 3 МГ, № 8 МЛ, № 15 МЛ, № 24 ОМ, № 33 кешен, № 38 МЛ, № 40 МЛ, № 43 ОМ, № 50 МЛ, № 50 МЛ, № 52 МГ, № 55 ОМ, № 60 МЛ, № 66 МЛ, № 67 МГ, № 68 МГ, 69 МГ, № 71 МЛ, № 90 МГ.

2020 жылдың 15 желтоқсанында марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Жобаның барлық қатысушылары ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен марапатталды.