«Соғыс әндері!» атты Отбасылық ретро-премьерасының қорытындысы

«Соғыс әндері!» атты Отбасылық ретро-премьерасының қорытындысы

2020 жылдың 27-29 сәуір айында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының қашықтықтағы жобасы «Соғыс әндері!» атты Отбасылық ретро-премьерасы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекесіне сәйкес атап өтті. Мерекелік жоба аясында жоба қатысушылары вокалдық ұжымдар комьюнити-орталықтар, филиалдар, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының жексенбілік мектептері, сонымен қатар елордалық білім беру ұйымдары.

Жобаның мақсаты мен міндеттері: Қазақстан азаматтарының ұлттық – патриоттық сезімдерін қалыптастыру арқылы "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру, жоғары адамгершілік патриоттық мұраларын қалыптастыру, ерлік тарихы мен оның даңқын көркемдік құралдар арқылы насихаттау,Отан қорғаушыларға деген құрмет көрсету.

Іс-шараны өткізу шарты бойынша ретро-премьераға қатысуға ниет білдірушілердің барлығы Ұлы Отан соғысының соғыс жылдары (жеке немесе отбасылық ансамбльде) тақырыбында ән орындап, бейнеклип түсіру және ұйымдастыру комитетінің поштасына жіберу қажет болды. Видеоны көпшіліктің назарына М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының жеке YouTube-арнасында көрсетілді,онда көрермендер ең жақсы бейнені таңдауда дауыс берді. Дауыс беруге барлығы дауыс беруге 50-тен астам премьера жарияланды.

"Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау қорытындысы 2020 жылдың 5 мамырында жарияланады. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша үздік бейне ("лайк" саны) ұйымдастыру комитетінің "Көрермен көзайымы" номинациясы бойынша естелік сыйлығымен марапатталады.

Image