«Соғыс әндері» атты отбасылық ретро-премьерасының жеңімпаздары

«Соғыс әндері» атты отбасылық ретро-премьерасының жеңімпаздары
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 2020 жылдың 5 мамырында,  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген, «Соғыс әндері» атты отбасылық ретро-премьерасының нәтижесі шығарылды. 59 отбасының  ішінде осы жобаның жеңімпазы атанған: Калихановтар әулеті.  "Жұлдызды сағат" вокалды студиясының жас солисті: Калиханова Аягөз, жетекшісі: Алексеенко Татьяна; әкесінің сүйемелдеуімен "Катюша" әнің шырқады. 
Халықтық дауыс беру нәтижелері бойынша 1037 ең жоғары дауыс жинап, "Көрермен таңдауы" номинациясының жеңімпазы атанды.
Регламентке сәйкес ең көп дауыс жинаған бейнеролик "Көрермен көзайымы" номинанты ретінде М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыру комитетінің дипломымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады.Сонымен қатар барлық қатысушыларға мақтау қағаздары үлестіріледі.