"Сөз шебері" қалалық жүргізушілер сайысының финалы

"Сөз шебері" қалалық жүргізушілер сайысының финалы

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында 1 қараша күні  "Сөз шебері" қалалық жүргізушілер сайысының финалы өтті. Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты - жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу, сөйлеу жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін жастарды анықтау. Байқаудың іріктеу турына елордалық 50-ден астам білім беру ұйымдары қатысуға ниет білдірді. 20 лайықты қатысушы екінші турдың финалистері атанды. Олар:  №66,32,37,82,60,50,30,72,59,86,40,47,89,54,87,80,23,28,71,15 білім беру ұйымдары.

Сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды: "Мен жүргізуші боламын" визит карточкасы, " Тәуелсіздік-ұлы ұғым!"атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған репортаж, экскурсия және сұхбат және т.б. форматтағы бейнероликтер, финалистердің дефиле-шеруі өтті. Әр қатысушының шеберлік деңгейін бағалаудың негізгі критерийлері: сахна мәдениеті, хоризмасы, сөйлеу мәнері, бөлінген уақытты пайдалана білуі. Қазылар алқасының құрамына "Балапан", "Хабар", "Ел арна"  телеарналарының өкілдері, "Қазақ радисы", "Шабыт" ҚазҰӨУ, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мамандары болды.

Байқау қорытындысы бойынша орындар бөлінді:

Бас жүлде: Амиров Мадениет №59 МЛ, Подлесная Арина №47 МГ

І-орын: Ташенов Рафаэль №72 МЛ, Байболат Гүлден №54 МЛ

ІІ-орын: Ахметов Анвар №60 МЛ, Аманғұл Асемай №40 МЛ

ІІІ-орын: Төлеуіш Мейірлан №66 МЛ, Тулеубекова Карина №23ОМ

 

НОМИНАЦИЯЛАР:

«Өнерпаз жүргізуші» Ыбрайхан Диас №30 МГ

«Креативті жүргізуші» Тимитаев Фараби №50 МЛ

«Тапқыр жүргізуші» Темірханұлы Әбубәкір №86 МГ

«Сегіз қырлы бір сырлы» Княз Жасұлан №37 МЛ

«Көрермендер көзайымы» Зубков Никита №32 МГ

«Өнерлі жүргізуші» Дүкен Айбар №82 МЛ

 

«Өнерпаз жүргізуші» Сабитова Адеми №89 МЛ

«Креативті жүргізуші» Муканова Сабина №80 МГ

«Тапқыр жүргізуші» Ескербекова Алма №87 МГ

«Сегіз қырлы бір сырлы» Ткаченко Виолетта №28 МЛ

«Көрермендер көзайымы» Машанова Медина №71 МЛ

«Өнерлі жүргізуші» Кунгеева Аружан №15 МЛ