«Таза Weekend» экологиялық десант жобасы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен 2021 жылдың 17-22 сәуір аралығында «Таза Weekend» экологиялық десант жобасын жүзеге асырды. Экологиялық десанттың мақсаты – тұрғындарды қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру.
«Таза Weekend» экологиялық денсантына 57 елордалық білім мекемелерінен 500-ден астам әкелер мен ер балалалар қатысты: #2 МГ, #3 МГ, #4 МГ, #7 МГ, #8 МЛ, #13 ОМ, #15 МЛ, #16 ОМ, #19 ОМ, #22 МГ, #25ОМ, #27 МЛ, #28 МЛ, ОМ#29, #30 МГ, #31 МГ, ШК #33, ОМ #34, #37 МЛ, #38 МЛ, #40 МЛ, #41ОМ, #42 ОМ, #43 ОМ, #44 ОМ, #45 ОМ, #47 МГ, #50МЛ, #51 МГ, #53 МЛ, ОМ #55, #58 МГ, #59 МЛ, #60 МЛ, #89 МГ, #62МЛ, #63 МГ, #64 МЛ, #66 МЛ, #67 МГ, #68 МГ, #71 МЛ, #73 МЛ, #74 МГ, #77МГ, #79 МЛ, #80 МГ, #81 МГ, #82 МЛ, #85 МЛ, #86 МГ, #87 МГ, #88 МГ, #90 МГ, #49 ОМ, #48 МЛ, #56 МЛ.
Қалалық экологиялық десант 32 аула алаңдарын, 24 мектеп аумақтары мен 11 саябақ алаңдарын қамтыды. Әкелер мен ер балалар қауымы осы аталған нысандарды қар қалдықтары мен қоқыстан тазартып, әктеу жұмыстарын жүргізді.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына қарасты Елордалық әкелер кеңесі осы эстафетаны Петропавловск қаласының "DIGITAL URPAQ" Оқушылар сарайына жолдайды.
Мемлекетіміздің барлық еріктілерін осы жобаны қолдауға шақырамыз! Өз ауламызға, өз қаламыз бен мемлекетімізге пайдалы істі бірге жасайық!