«Жаздың энергиясы» атты асфальтта суреттер салу онлайн байқауы

2020жылдың 26 маусымында нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «Жаздың энергиясы» атты асфальтта суреттер салу онлайн байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі және психотроптық заттардың таралуы мен қолданылуына теріс қатынасты қалыптастыру, салауатты және қауіпсіз өмір салтын және олардың денсаулығына құндылықты көзқарастарын қалыптастыру болды.
Байқауға қатысушылар ең көңілді эмоциялар:күн сәулелері, кемпірқосақ, дұрыс тамақтану суреттерін және «Біз - спорттық отбасымыз!», «Спорт және мен!», «Мен велоспортты таңдаймын!» атты суреттерін салып, өз ұрандарын суреттері арқылы айқын көрсетті. Әр қатысушы дипломмен ал байқау жеңімпаздары сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.
І орын - Ерболатұлы Батырхан, 9 жас
ІІ орын - Набоков Глеб, 10жас
ІІІ орын - Суфьянов Давид, 8жас