Ахметкәрімов Мырзаш Сапарғалиұлы

Ахметкәрімов Мырзаш Сапарғалиұлы

Ахметкәрімов Мырзаш Сапарғалиұлы
Ахметкәрімов Мырзаш Сапарғалиұлы

1921 жылы Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Қарашілік ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскерге алынған. Әскерден туған ауылына келместен   майданға аттанды. 1941 жылдан бастап 114-ші артиллериялық полкында қарулы нөмірі болып шайқастарға қатысқан. Латвия еліндегі Лиепая қаласының қорғанысы – өз  батылдығын көрсеткен ең алғашқы әскери операциясы. Ардагер неміс тұтқынында да болып, оның қиыншылықтарына төзіп шыққан кісі.
Соғыстан кейін елге  оралып, жанұя құрып, үш ұл мен бес қызын өсіріп жеткізді.  «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңген үшін» және мерейтойлық медальдерімен марапатталды. Сексенінші жылдарында қоғамға сіңірген адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Бірнеше жыл  совхоздың бас бухгалтерінің қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысына шыққан. 1992 жылы дүниеден өтті.
Ардагердің ерлігі мен ержүректілігі ешқашан жадымыздан шықпайды.