Ұстабаев Жүсіпәлі Жүнісұлы

Ұстабаев Жүсіпәлі Жүнісұлы

Ұстабаев Жүсіпәлі Жүнісұлы
Ұстабаев Жүсіпәлі Жүнісұлы

Жүсіпәлі ата 1921 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Тереңөзек ауадына қарасты Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Обылыстық оқу бөлімінің жанындағы мұғалімдік курсты бітіргеннен кейін өзінің еңбек жолын 1941 жылы Қазалы ауданындағы М.Горький атындағы мектепте ұстаздық қызметін бастаған.

1942-1945 жылдар аралығында Отан соғысына қатысқан.

1943 жылы Сталинград шайқасында пулеметші Жүсіпәлі ата шабуылға шыққанда майданда бір аяқ, бір қолдан жараланды. 3 айдан кейін, ол әскер қатарына қайта шақырылды. Запас полкке алынды. Бір топ жігері серіктерімен бірге ұлы майданның алдыңғы шебіне сұранып, жорық жолы Балтық жағалауына дейін жалғасқан. Ол – сержант, жаяу әскер, кейін старшина атағын алған. Курляндияға жете бере, бір аяғын тағы да оқ зақымдап, соғыс біткенде ауылға жасанды аяқпен оралған.

Майдандағы ерен ерлігі үшін бірнеше ордендермен, соның бірі  Даңқ ордені және ондаған медальдармен наградталған. Отан соғысының ардагері деген құрметті атағын алған.

152 жеке атқыштар бригадасының ерлік өнегесі кейін «Ұлы ынтымақ» кітабында тарау болып басылымға шыққан. Сондай-ақ, Ильяс Есенберлиннің соғыс туралы естелігінде, автор Байжігіт Әбдіразақовтың «Сыр саздары» кітабында Жүсіпәлі ата туралы жазылған.

Майданнан Ұрлыхан әжеміздің атына жазылған Жүсіпәлі атамыздың ерлігі туралы алғыс хаты жолданған болатын.

Қайсар азамат майданда алған ауыр жарақаты мен контузиясына қарамастан Қызылорда педагогикалық институтынан жоғары білім алған. Одан кейін Тереңөзек, Сырдария аудандарының мектептерінде жас ұрпаққа дәріс берген.

1960 жылдан бастап №144 орта мектепті басқарған. Ұйымдастыру және біліктілігінің арқасында аудан мен облысқа, республикаға белгілі болды.

Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, бірнеше төс белгілерімен қоса грамоталармен марапатталған.

Жүсіпәлі атаның есімі Қызылорда облысы Қызылжарма ауылында (бұрынғы Комсомол ауылы) көшенің аты берілді.

Жүсіпәлі атамызды әрқашан мақтан тұтамыз!