Жүнісов Ислям Жүнісұлы

Жүнісов Ислям Жүнісұлы

Жүнісов Ислям Жүнісұлы
Жүнісов Ислям Жүнісұлы

Ұлы Отан соғысының ардагері Еслям Жүнісұлы Жүнісовтың (1925-1988) Өмірбаяны

Атам-Еслям Жүнісұлы Жүнісов 1925 жылы мамыр айының 5-і Ақкөл ауданы «Сергеевка», қазіргі Өрнек ауылында дүниеге келді. 1940-шы жылға дейін Өрнек ауылындағы мектебінде оқыды. 1942-ші жылы жаз айында,соғыс жүріп жатқанда әскер қатарына шақырылды.Самарканд қаласында әскери артиллерия курсында оқыды.Екі айдан кейін Калининград майданына жолданған.Майданда зеңбірекші болып, өнегелі ерлік көрсетті.

1943-ші жылы Великие Луки қаласын фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жараланды. Сол себептен 1943-ші жылы қазан айында атамыз үйге оралды.

1944-1948 жылдары Никольск,Ерназар ауылдарында сельпо бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1949-1985 жылдар аралығында Ақкөл орман шаруашылығында талмай адал қызмет атқарды.Партия мүшесі болып, ел ішінде сыйлы, жұмысында абыройлы, жанашыр отағасынан үлгі- өнеге алған адамдар болды.

1988-ші жылы қыркүйек айында асқар тау атамыз- әкеміз дүние салды. Майдандағы,бейбітшілік уақытындағы ерлігі,ерен еңбегі еленіп, орден-медальдарымен марапатталды. Атамыздың үлгі тұтар адалдығы,ерлігі, ақыл-парасаты жүректен шықпас мәңгілік. Атамыздың басты мерекесінің бірі-Жеңіс күні. 9 Мамыр- әулиетіміз Атамызды құттықтайтын мереке дәстүрге айналды.

Мен өз атамды мақтан етемін. Батыр атама ұқсағым келеді.

Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
Ақкөл қаласы
Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің
4 «Ә» сынып оқушысы
Ислям Сұлтан Абайұлы
Телефон: 8 705 658 65 72