«Ағаштан қашау» үйірмесі

Жетекшісі: Руслан Джунусов, қосымша білім беру педагогі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.

Жас ерекшелігі: 7-16 жас.

Өнер кәсібінің негіздерін зерттеу және  халық мәдениетімен таныстыру - үйірме  жұмысының негізгі. Ағаш, сүйек оюлары, шағын мүсін — қолданбалы өнердің бұл түрлері соңғы уақытқа дейін Қазақстанда аса танымал болған жоқ. Сондықтан үйірме жұмысының басты мақсаты - оқушылардың бейнелеу және қолданбалы өнердің ежелгі түрлерінің бірі туралы түсініктерін кеңейту, балаларды Қазақстан, Еуразия құрлығы және әлемнің басқа да этностарының қолданбалы-суретшілерінің бұйымдарымен таныстыру.

Теориялық және практикалық сабақтардан басқа, балалар өз қолдарымен миниатюралық өнер туындыларын жасайды, мәдени орталықтарға, бейнелеу өнері шеберлерінің көрмелеріне, шеберлік сабақтарын өткізуге, балалар шығармашылығының байқауларына қатысуға көп уақыт бөлінеді.

Қысқа уақыт ішінде үйірме елордада танымал болды. Оның жұмысы туралы бейнеролик түсіріліп, теледидардан көрсетілді (Бірінші арна "Евразия").

Үйірме жетекшісі Руслан Джунусов  2014 жылдың қорытындысы бойынша "М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының үздік педагогы" атанды. 

"Қазақстанның халықтық сәндік-қолданбалы өнеріндегі жаңа қырлары" көрмесіне қатысып, 1-ші орынды иеленіп, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының дипломымен марапатталды.

"Кабинет әділ төрешілер  көзімен" номинациясы бойынша ҚР Тәуелсіздік күніне арналған кабинеттер конкурсының қорытындысы бойынша дипломмен марапатталды.

Үйірме тәрбиеленушілерінің де марапаттары аз емес. "Балалық шақтан шабыт алған" (Ресей) Халықаралық интернет-жобасының "Қысқы ғажайыптар"  байқауының нәтижелері бойынша Жүніспек Нұржан мен Мереке Руслан сертификаттармен марапатталды.

Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг):  4 000
  • Телефон: +7 7172 324989
  • Аудитория: 102
  • Сабақ кестесі:
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

900 – 1115

1500 – 1630

900 – 1030

1500 – 1630

900 – 1115

1500 – 1630

Галерея