«Киіз бен жіптен жасалған ғажайыптар» үйірмесі

Жетекшісі: Оксана Урисбаева, бірінші санатты педагог.

Киіз өнері әрқашан бағалы болып есептелген. Бізге ғасырлар қойнауынан жеткен кілем бұйымдары бай ежелгі дәстүр мен әлемдік көркем мәдениеттің мұрасы.

Үйірменің негізгі мақсаты — кілем кесте және киіз басу арқылы қазақ халқының мәдениетін жаңғырту. Үйірмеге 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысады. Үйірмеде олар қызықты дәстүрлі және заманауи техникаларды меңгереді: кілемді ілмекті кестелеу, түкті кестелеу, аралас кілем кестелеу, ылғалды және құрғақ киіз басу (киіз), гобелен тігістері, ленталармен кестелеу, иірім жіптен аппликация, ниткография, жүнмен сурет салу, помпондардан жасалған жұмыстар, крези + киіз.

Үйірме оқушылар сарайында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді және осы аралықта оның тәрбиеленушілері лайықты марапаттарға ие болды.

Наргиз Доскеева ЮНЕСКО-ның "Балалар әлемді бейнелейді" жобасына белсенді қатысқаны үшін сертификатпен, ал Эмина Зарипова мен Арсен Тоқта-Мұратов дипломдармен марапатталды.

Алина Молдабаеваға "Снегири" және "Қысқы мотивтер" жұмыстары үшін "Қысқы ғажайыптар" халықаралық ғаламтор-байқауының бірінші дәрежелі лауреаты дипломы берілді.

Зура Тілеуімісова, Томирис Кимбаева, Вероника Ойовская, Егор Ванюков, Сабина Кабдуш және басқалары халықаралық байқаулар мен фестивальдарда жүлдегерлер, жеңімпаздар, лауреаттар атанды. Үйірме жетекшісі Оксана Урисбаева өзінің жеке жетістіктері мен педагогикалық қызметі үшін сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Қосымша ақпарат

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

900 – 1020

1030 – 1200

1400 – 1600

1600 – 1815

Галерея