«Брейк данс» би студиясы

Жетекшісі: Сергей Панков, қосымша білім беру педагогы.

Спорт, өнер, би — барлығы балалар мен жастар арасында танымал брейк-дансқа ұласады.

Үйірмеге  5 жастан 22 жасқа дейінгі балалар қатысады. Оған үлкен оқушылар мен студенттер де қатыса алады. Педагог, тамаша брейкер Сергей Панковтың басшылығымен тәрбиеленушілер powermoves, footwork және басқа да барлық бағыттарды зерделейді. Сабақтар педагогтің стильдік сәйкестігін ескере отырып, оның жеке бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Брейк-дансты табысты игеруде басты рөлді импровизация элементі атқарады. Сондықтан үйірмедегі сабақтар оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Үйірменің тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық турнирлерде көптеген дипломдарды жеңіп алды. Олардың қатарында: Вадим Панков, Аркадий Дмитриев, Ален Сисинбаев, Дамир Қойшыбаев, Давид Хоцанян бар. Акбар Шакенов OutbreakEurope-2015 (Банска-Быстрица қ., Словакия) қатысты.

Үйірме тәрбиеленушілері 2015 жылы елорданың үздік концерттік және спорттық алаңдарында (каратэ-кекушинкай бойынша ҚР чемпионаты, дыбыс және тюнинг бойынша ҚР чемпионаты, "Мен — қазақстандықпын" жастар форумы және т.б.) командалық шоуда  өнер көрсетті.

Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг): 8 000
  • Телефон: +7 702 422 2200
  • Аудитория: № 119
  • Сабақ кестесі: 
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

1000 – 1120

1800 – 1930

1930 – 2100
1600 – 1720

1000 – 1120

1930 – 2100
1600 – 1720

1000 – 1120

1800 – 1930

1930 – 2100

Галерея