«Созвездие» балдық би ансамблі

Жетекшісі: Инга Валентиновна Холмецкая, жоғары санатты тренер-педагог, ҚР және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша спорттық би Федерациясының төрешісі.

Жас ерекшелігі: 5 - 17 жас 

«Созвездие» ансамбліне 200-ден астам бала қатысады: жаңадан келген топтар, дайындық, ансамбльдің үш негізгі құрамы (кіші, орта, аға). Түлектер арасында спорт шеберлігіне бес үміткер, спорттық бал билерінен абсолюттік Чемпиондар, 20 жұп — ҚР біріншіліктері мен халықаралық чемпионаттардың қатысушылары бар. Жас жаттықтырушының жаңа толқыны ансамблге жаңа идеялар мен жоғары нәтижелер сыйлады. Ксения Резаева - ансамбльдің бұрынғы түлегі. Енді өзі де тренер-мұғалімге айналып отыр. Ол жоғары білімді, қалалық және республикалық спорттық би жарыстарында төрешілік тәжірибеге ие. "Созвездие" ансамблі Түркияда, Францияда өткен халықаралық фестивальдерде бірінші дәрежелі лауреат атағына ие болды. Финляндия, Германия, Ресей, Латвия, Венгрияға әлем чемпионаттарына сапарлар жоғары мақсатқа — әлем чемпионы болуға көмектеседі.

  • Тәуелсіздік сарайында өткен 4-ші Қазақстандық би олимпиадасында (2014) ұжым бірінші орынға ие болып, «Француз вальсі» және "Кездесу"вальсі үшін диплом алды.
  • «Салют талантов. Просторы вдохновения» (2014) фестивалінде «Француз вальсі» және «Ча-ча-ча» биі үшін бірінші орын мен дипломға ие болды.
  • 2015 жылы Санкт-Петербургте «Снежний вальс» және джайв биі үшін «Созвездие» ансамблі бірінші орынға ие болды.
  • 5-ші Қазақстандық би олемпиадасы – бірінші орын иегері.

Соңғы уақытта «Созвездие»  барлық қатысушылардың концерттік алаңдарда өнер көрсету мүмкіндігі болуы үшін ансамбльдік бағытты белсенді дамытуда.

 «Созвездие» балдық биі ансамблі — бұл 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар айналысатын балалар ұжымы. Ансамбльдің басты идеясы - сұлулықты түсіну. Бүгінгі бал биі — бұл өнер және спорт. Өнер баланың талғамын қалыптастырады, оны сұлулықты көруге үйретеді. "Созвездие" ансамблінде осы қасиеттердің барлығы табысты дамуда. Би баланың денсаулығы, жақсы дене бітімі үшін пайдалы, ырғақ сезімі, жақсы талғам және ұжымда қарым — қатынас жасау қабілетін дамытады, бұл өмірде әрқашан пайдалы болатын би тәжірибесі.

Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг):  10 000
  • Телефон: +7 777 8813628
  • Аудитория: 106, 305
  • Сабақ кестесі:

,
Image

«Созвездие» балдық би ансамблі. Жетекші: Инга Валентиновна Холмецкая. Аудитория: 106

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

1000 – 1050

1110 – 1220

1230 – 1340

1350 – 1450

1500 – 1610

1610 – 1700

1720 – 1800

1000 – 1050

1110 – 1220

1230 – 1340

1350 – 1450

1500 – 1610

1610 – 1700

1720 – 1800
Ксения Резаева

«Созвездие» балдық би ансамблі. Жетекші: Ксения Резаева. Аудитория: 106

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

1000 – 1050

1110 – 1220

1230 – 1340

1350 – 1450

1500 – 1610

1610 – 1700

1720 – 1800

1000 – 1050

1110 – 1220

1230 – 1340

1350 – 1450

1500 – 1610

1610 – 1700

1720 – 1800

Галерея