«Выше гор» кавказ биі мектебі

Жетекшісі: Эльси Исмаилов

«Выше гор» Кавказ би мектебі - бұл ерекше атмосфера және жағымды эмоциялардың ұмытылмас  жиынтығы. Ыстық темперамент, қозғалыс айқындылығы мен музыкалық ырғақ, бұл Лезгинка мен Кавказ халықтарының басқа да билерін билеуге көмектеседі..

Баланың эстетикалық тәрбиесінде би өнері маңызды орын алады. Би баланың көркемдік талғамын, музыкалылығын, ырғағын, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қиялын, қимылдарды үйлестіруді, әсемдік пен пластиканы дамытады.

Оқыту бағдарламасы балалардың көркемдік дамуына, дене және хореографиялық дайындыққа, сондай-ақ рухани тәрбиемен және жас ұрпақтың төзімділік деңгейін арттырумен бірге ұлттық мәдениетті зерделеуге бағытталған. Оқытудағы мұндай тәсіл айтарлықтай педагогикалық әсер береді. Мектепте 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар билейді.

Үйірме міндеті Вайнах стиліндегі бидің тарихын, географиясын, мәдениетін, халықтық костюмін, орындау мәнерін зерттеу. Хореографиялық мәдениетпен танысу, Солтүстік Кавказ халықтарының билеріне тән негізгі би білімін, дағдыларын зерттеу. Жеке өзін – өзі анықтауға, мінездің ерікті қасиеттерін-еңбекқорлықты, шыдамдылықты, жұмысқа қабілеттілікті тәрбиелеуге ықпал ету. Кавказ халықтарының тарихына, өміріне, ұлттық мәдениеті мен өнеріне құрмет.

Қосымша ақпарат:

  • Айлық құны (тг): 7 000
  • Телефон: +7 707 859 6209
  • Аудитория: № 106
  • Сабақ кестесі: 
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
19.00-21.00
19.00-21.00
19.00-21.00

Галерея