«Лимпопо» театр студиясы

Жетекшісі: Анна Зубкова режиссер, кәсіби жүргізуші, «Сібір нұсқасы» (Омбы) халықаралық шоу бағдарламалар академиясының, «Гелиос» (Мәскеу) халықаралық жүргізушілер лигасының, (Мәскеу) балалар мерекелік жүргізушілер мектебінің қатысушысы.

Лимпопо театр студиясы 5 жастан 17 жас, аниматорлар мектебі — 14 жастан 17 жас аралығындағы балаларды шақырады.

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ұжым  өз қызметін 2015 жылдың қыркүйегінде бастады. Қысқа уақыт ішінде театр өзін шығармашылық, жарқын және кәсіби ұжым ретінде таныта білді.

Лимпопоның өткен оқу жылындағы шығармашылық қызметінің жарқын жетістіктері:

  • Астана оқушылары үшін «Осенний марафон» театрландырылған қойылымы;
  •  «Прощание с букварем» шоу-бағдарламасы (№ 22 МГ);
  • «Олаф пен сиқырлы домбыраның оқиғалары» жаңа жылдық ертегі-қойылымы;
  •  Наурыз мейрамына арналған «Тазша баланын саяхаты» театрландырылған қойылымы.

Театр студиясының білім беру бағдарламасының мақсаты - балалардың эстетикалық талғамын дамыту, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру және достық сезімін, өзара көмек қолын созуға тәрбиелеп, ұжымда жұмыс істей білу қабілеттерін қалыптастырады.

Оқу бағдарламасына актерлік, хореографиялық, жұлдыздарға пародиялар, бет кескіндеме бойынша шеберлік сыныптары, иллюзионист-магия өнері курстары кіреді.

Балалармен жұмыс жасаудың негізгі формалары: орта және үлкен жастағы балаларға арналған интерактивті, тақырыптық дискотекалар, шоу бағдарламалар, флешмобтар.


Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг): 8 000
  • Байланыс телефондары: +77051075151
  • Аудитория: 301
  • Сабақ кестесі: 
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

1000 – 1120

1430 – 1600

1600 – 1730

1730 – 1900

1000 – 1120

1430 – 1600

1600 – 1730

1730 – 1900

1000 – 1120

1430 – 1600

1600 – 1730

Галерея