Педагог-ұйымдастырушы

Хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК Мекен-жай: Ә.Мәмбетов көшесі 1 үй

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 324926

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы педагог-ұйымдастырушы лауазымына (3 бос орын) конкурс жариялайды. Еңбекақы біліктілік санатына байланысты 117508 -168121 теңге аралығында.

 Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;

      таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

      клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;

      ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;

      балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

      іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

            тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

  1. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Құжаттар 2024 жылдың 24 қаңтары мен 01 ақпан  аралығында қабылданады.