Сарай тарихы

Дворец школьников им. М. Утемисова
Тарихқа көз жүгіртейік . 1988 жыл ..ХХ ғасырдың 80- жылдарының орта шенінде кенестік қоғамда тұбегейлі өзгеріс қажеттілігі айқын сезіле бастады. Осы қиын-қыстау уақытта Есіл жағалауында орналасқан әсем Сарай Целиноград балалары үшін алғаш рет есігін айқара ашты.
Юрий Малахов атындағы Пионерлер сарайы (қазіргі М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы) мектеп оқушылар арасында қалалық және аймақтық тыс жұмыстарды үйлестірушісі ретінде өте маңызды рөл атқарды. Сол кезде де, қазір де балалар әрдайым қызықты әрі көтеріңкі көңіл күймен жайлы сарайға асығады. Алғашқы жылдары сарай жұмысы белгілі дәрежеде бір жүйеге қойылған болатын. Пионер мен комсомол белсенділері арасында ауқымды жұмыстар жүргізетін арнайы бұқаралық-саяси жұмыс атқарды. Оқу кестесі бойынша педагогтарға , пионер кеңесшілеріне, сынып жетекшілеріне арналған педагогикалық шеберлік сабақтар жүргізілді.
Сіз Сарайдың ескі жоспарларын ақтара отырып, жұмыс барысының нақты ұйымдастырылғанына және бір жолға қойылғанына таң қаласыз. Жыл бойына ондаған іс-шаралар өткізілді: пионер және комсомол плакаттарына арналған байқау, пионер отрядтары кеңестерінің, сондай-ақ халықаралық достық клубтарының шолуы, «Зернышко операциясы», «Орленок» әскери спорт ойыны және Тимур істері, Лениниана кинофильмдер фестивалі, Балалар мен жастарға арналған кітаптар мен музыка апталығы және тағы басқалар.
90-шы жылдардың басында сарайда 20-ға жуық әр түрлі бірлестіктер мен 40-қа жуық үйірмелер белсенді жұмыс істеді, оның ішінде әдеби- шығармашылық, биогеографиялық, «Жас астроном», «Жас парашютшы», стенографиялық және вокал, хореография, қолданбалы өнер үйірмелері.
Сарай тарихында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен іс-шаралар ерекше рөл атқарды. Бұл алғашқы Президенттік шырша (1996), Президенттің Қазақстан жастарымен кездесуі (1996).
2001 жылдан бастап сарай халықаралық белсенді ынтымақтастықты бастады және Еуропалық балалар мен жастарға арналған бейресми білім беру мекемелері қауымдастығының (EAСIY) мүшесі болды.
2003 жылы Сарайға қазақ халқының ұлы батыры, ержүрек жауынгер, ақын Махамбет Өтемісұлы есімі берілді. Осы жылдар ішінде көптеген іс-шаралар өтті, сарай педагогтары мен оқушыларының өміріне көптеген оң өзгерістер енді.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының басты бағыты - баланың интеллектуалды, шығармашылық, эстетикалық дамуына жағдай жасау. Мұнда қатаң шектеу жоқ, бірақ шынайы таңдау еркіндігі және әр балаға жан-жақты дамуына, жеңістер мен жеңілістердің сезуге ​​және өзінің дұрыс жолын табуға көмектесетін тамаша ұстаздар бар.
Ұстаздар қазіргі таңда өздерінің бағдарламалары бойынша жұмыс істейді және жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сарай тәрбиеленушілерінің түрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдарда ие болған жетістіктері осыған дәлел.
Сарай «Рухани жағыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шығармашылық дамуға жаңа серпін алды.
Біздің балаларымыз өзінің талантымен, сүйкімділігімен, әлемдік қоғамдастықтағы шеберлігімен Қазақстанды дәріптейді. Махамбет Өтемісұлы атындағы керемет Оқушылар сарайы олар үшін шығармашылық, достық және сәттілік әлеміне жол ашты.
Соңғы бес жылда сарай тәрбиеленушілері 846 рет республикалық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары атанды және халықаралық деңгейде 715 рет жеңіске жетті.