"Сөз шебері" атты қалалық жүргізушілер байқауы туралы

"Сөз шебері" атты қалалық жүргізушілер байқауы туралы

2019 жылдың 11 қарашасында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қалалық мектептер арасында қалалық «Сөз шебері» атты жүргізушілер байқауы өтті.

Байқау екі жас ерекшелігінде 9-12 жас және 13-16 жас аралығында оқушылардың қатысуымен екі кезеңде өтті. Бірінші іріктеу кезеңі 2019 жылдың 28 қазанында өткізілді. Байқауға астаналық қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізілді: «Академиялық мәнердегі жүргізушілер» «Ойын -сауық бағдарламаларын жүргізушілер» Байқауға 50 мекемеден 100 үміткер қатысты.

Байқаудың іріктеу кезеңінен № 27, 73 61, 63, 23, 68, 86, 40, 57, 1, 85, 81, 66, 77, 84, 46 қала мектептерінің оқушылары финалға өтті.

Байқаудың әділ-қазылары: Нұрсәуле Мамытхан — «Қазақ радиоларының» журналісі, Қазақ радиосы балалар бағдарламасының редактор — жүргізушісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі; Садыхова Бақытгүл Орынбасарқызы — «Балапан» телеарнасы директорының орынбасары, Қасымов Олжас Әбілұлы — «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының шэф редакторы, ақын, «Алтын қалам-2011», Жастар одағының «Серпер», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Бозбеткей» өлеңдер жинағының авторы. Олжабай Дарын — «Шалқар» радиосының және «Ел Арна» телеарнасының жүргізушісі.

Байқауда қатысушылар: Өзін таныстыру (мен жүргізуші боламын), экспромт тапсырма, дефиле-парад номинациялары бойынша бағаланды. 9-12 жас аралығында қатысушылардың арасында І орын — Мұхаметкәрім Інжу (№ 73 МЛ), ІІ орын — Сағидуллаев Әлдамир (№ 61 МГ), ІІІ орын — Шуляк Ева (№ 27 МЛ). Закиров Роман «Көңілді іс-шаралар жүргізушісі» номинациясымен марапатталды.13-16 жас аралығындағы қатысушылардан Бас жүлде — Меирбек Жандәулет (№ 57 ОМ), І орын — Оралбай Бағжан (№ 77 МГ), ІІ орын — Жақсылық Әліби (№ 85 МЛ), Кинерейш Юнна (№ 46 Комплекс), ІІІ орын — Жарасқызы Айнұо (№ 81Astana English school), Ұзақбаева Шапағат (№ 68 МГ), Данияр Риза (№ 86 МГ). Хайнетов Султан (№ 1 ШЛ) — «Сегіз қырлы бір сырлы», Тотин Ануар (№ 40 МЛ) — «салтанатты іс-шаралар жүргізушісі», Акимбекова Диляра (№ 66 МЛ) — «Телевизиялық бағдарламалардың жүргізушісі», Еренғай Бақтияр (№ 84 МЛ) — «Көрермендер көзайымы» номимнациясы бойынша марапатталып, сыйлықтарға не болды.