Балалық шақты бірге қорғайық

Балалық шақты бірге қорғайық
2022 жылдың 17 ақпаныңда М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының Әкелер кеңесінің актив өкілдерінің қатысуымен «Балалық шақты бірге қорғайық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – отбасында мейірімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, балалар мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, әке мен бала арасындағы берік және сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру. Дөңгелек үстел жұмысы барысында отбасылық тәрбие мәселелері, атап айтқанда баланың жеке тұлғасының дамуына әкенің ықпал етудің мәселелері талқыланды. Жаңа 2022 жылға ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру мақсатында, бірлескен іс-шаралардың нысандары мен әдістері бойынша қайырымдылық шеберханасы, толық емес отбасы балаларына арналған шығармашылық үйірмелер, әкелер мен балалардың қатысуымен өткізілетін мерекелік өнер фестивальдерін өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының Әкелер кеңесінің Жарғысына шығармашылық қызметі аясын одан әрі кеңейту мақсатында өзгерістер енгізілді.
Image
Image
Image
Image