Астана қаласы білім беру ұйымдарының Мектепішілік және студенттік Парламент Президенттерінің «Жаңа қадам» атты ұлықтау салтанатты жиыны туралы АҚПАРАТ

Республика күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 21 қазанда сағат 11:00 - де Махамбет Өтемісұлы  атындағы оқушылар сарайында Астана қаласының білім беру ұйымдарының мектепішілік және студенттік Парламенті Президенттерінің «Жаңа қадам» ұлықтау рәсімі алғаш рет және бір мезгілде өткізілді.Білім беру ұйымдарының барлық көшбасшылары үшін бұл ерекше және маңызды оқиғаеліміздің болашақ жастарының  патриоттық мерекесіне ұласты.

Мектепішілік және Студенттік Парламент-бүкіл қоршаған орта үшін, жалпы қоғам үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын тұлғалар үшін, бұл нағыз жас көшбасшылардың тамаша бастау алаңына айналды.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ұлықтау рәсімін салтанатты ашып,   іс-шарамыздың құрметті қонақтарының, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен мектептер мен колледждердің 126 көшбасшылары қиындықтардан қорықпауға,алға қойған мақсаттарына табандылықпен жетуге, туған еліне, мектепке, колледжге  риясыз көмек қолын созуға, Қазақстан Республикасының нағыз патриоты және Мектепішілік және студенттік Парламентінің маңызды жобалары мен іс-шараларының белсенді  қатысушылары болуға салтанатты уәде берді.   Құрметті қонақтар галстуктерді тағып, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" 4 ауданның мектепішілік  және студенттер Парламентінің өкілдері сөз сөйлейді. Салатанатты жиын  "Біз біргеміз!" жігерлі әніне дайындалған флэшмобпен өз мәресіне жетті.

 

 

Өткілетін орны: М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы,

                               Ә. Мәмбетов көшесі, 1 үй

 

Байланыс телефоны: 8-701-585-68-76