«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»

«Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022»

Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі  туралы

АҚПАРАТ

 

2022 жылдың 9 қарашасында М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Мектептің үздік ата-аналар/қамқоршылық комитеті-2022» Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау 2022 жылдың 3 қарашасында өткізілген, байқауға 30 білім беру ұйымы қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту ісінің министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты».

Байқаудың негізгі мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту, білім беру ұйымдары мен ата-аналар комитеттерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылының үздік тәжірибелерін анықтау үшін жағдай жасау; Ата-аналар мен балаларға шығармашылық әуелетін арттыруға жәрдемдесу; мұғалімдер, ата-аналар және балалар арасында сенімді және достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

Төрешілер алқасының құрамында  «Интегративті және отбасылық психология институты», «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы, «Сontent media»  агенттігінің өкілдері болды. Мерекелік іс-шарада М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының шыңармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Марапаттау рәсімі барысында байқауда жеңіске жеткен №66мектеп лицейі мен №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бейнероликтері көрсетілді.

Қалалық кезеңінің байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

«Үздік ата-аналар комитеті-2022» номинациясы бойынша:

I орын – №66МЛ

II орын – №3МГ,  №86МГ

III орын – №8МЛ, №51МГ, №6гимназия,

Белсене қатысқандары үшін: №5Г,СШ№16, №18ОМ, №37МЛ, №40МЛ, №48МЛ, №55ОМ, №92МЛ,№94мектеп.

 «Үздік Қамқоршылар Кеңесі-2022» номинациясы бойынша:

I орын –№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

II орын –№81«Astana English School» мамандандырылған гимназиясы, №2МГ

III орын –№67 гимназия , №16ОМ,

Белсене қатысқандары үшін: №4МГ, №23ОМ, №44ОМ, №59 МЛ, №74МГ, №76МЛ, №83МГ, №89МЛ, №94мектеп.

     Қалалық кезеңінің жеңімпаздары 2022 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға жолдама алды.