«Family art» отбасылық қашықтық театр фестивалінің қорытындысы

«Family art» отбасылық қашықтық театр фестивалінің  қорытындысы
2020 жылдың 26-27 наурыз күндері Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Халықаралық театр күніне орай «Family art» отбасылық қашықтық театр фестивалі өткізілді. Фестиваль «Көктем – ғажайып мезгілі» тақырыбында онлайн режимде Сарайымыздың ютуб каналы желісі арқылы өткен болатын. Фестивальға білім мекемелерінің оқушылары және ата-аналары қатысты.

Фестиваль миниатюра, этюд, әзіл-сықақ қойылымдары, көріністен үзінді, қуыршақ және саусақ театры, әдеби-музыкалық композиция бағыттарын қамтыды. Барлығы 74 бейнематериал іріктелініп, 26 наурыз күні Сарайымыздың ресми ютуб каналына жүктелді. 27 наурыз Халықаралық театр күні Фестиваль қорытындысы халықтық дауыс беру нәтижесінде анықталды.

Барлық фестиваль қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының арнайы дипломдарымен марапатталды. Ал ең көп дауыс жинаған Мылтықбай отбасы ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлығына ие болды. Кішкентай бүлдіршіндердің әзіл-сықақ қойылымы 1354 лайк жинап, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жеңіске жетті.