"Көңіл-күй шеберханасы". Қорытынды

"Көңіл-күй шеберханасы". Қорытынды

Қорытынды

2020 жылдың 1 сәуір әзіл күніне орай М. Өтемісұлы ат. Оқушылар
сарайы "Көңіл-күй шеберханасы" атты қашықтық жобасының қорытындысы
шағарылды. 
Жобаның басты мақсаты оқушылар мен ата-аналардың көтеріңкі көңіл-
күйін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, әзілге деген
мәдениетті қалыптастыру. 
Қатысу үшін ең қызықты, күлкілі, ерекше суретті жолдау керек
болатын. Қабылданған суреттер Сарайымыздың ресмт instagram
парақшасына жүктелді . Фотосуреттер қаралымға шығып, барлығына бірдей
уақытта дауыс жинауға мүмкіндік берілді. Жобаға барлығы 60тан аса
қатысушылар өз суреттерін ұсынды. Халықтық дауыс беру нәтижесінде үздік
фото иелері анықталды: Жамшитов Аділет, 449 лайк. Сәл ғана
айырмашылықпен үздік фотосурет иелері Шмитбергер Лиана (418 лайк) мен
Сайлау Камила (334 лайк) атанды. Жоба жеңімпаздарын шын жүректен
құттықтаймыз!