«Шаттық-2020» ашық шығармашылық қалалық байқауы

«Шаттық-2020»  ашық шығармашылық қалалық байқауы

Балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2020»  ашық шығармашылық қалалық байқауын өткізу бойынша қалалық семинар туралы

 

Балалар мен жасөспірімдер арасында ХIV «Шаттық-2020»  ашық шығармашылық қалалық  байқауы жан- жақты шығармашыл тұлғаларды дамыту және мемлекетіміздің ағартушылық және мәдени  даму мүмкіндіктерін қолдана білетін жастарды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Байқау 2020 жылдың 7-15 сәуір аралығында өткізілетін болады.

2020 жылдың  16 қаңтар күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Балалар мен жасөспірімдер арасында ХIV «Шаттық-2020»  ашық шығармашылық қалалық  байқауының ұйымдастырылуы бойынша қалалық семинар өткен болатын. Семинарға елордалық білім  беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында «Шаттық-2020» байқауының биылғы жылғы ерекшеліктері аталып, байқау концепциясы таныстырылды. Қалалық семинарға барлық білім жалпы білім беретін мектептер, колледждер мен жекеменшік мектептердің өкілдері қатысты.

Байқау төмендегі жанрлар бойынша өтетін болады: хореография, бейнелеу өнері, аспап жанры, фотосурет, хор әні, ерекше жанр, вокал, театр. Барлық семинар қатысушыларына байқау ережесі мен жанрлар бойынша өнер көрсету локациялары белгіленген кестелер, бағдарламалар таратылды. 

Семинар барасында байқаудың өткізілуіне байланысты қойылған сұрақтарға  ұйымдастыру комитеті тарапынан  дәл жауаптар айтылды.