«Сокровенные струны души …» / «Көңілдің асыл пернесі …» II Халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

«Сокровенные струны души …» / «Көңілдің асыл пернесі …» II Халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі
2021 жылдың 30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Сокровенные струны души …» / «Көңілдің асыл пернесі …», II Халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы.

Жоба негізінде – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ән шығармашылығын, сондай-ақ сүйікті әндерінің тақырыбын зерттеу және көпшілікке тарату болып табылады. Байқау өтінімдерінің ішінде - Елбасының өлеңдеріне жазылған және оның Отанға, халыққа, ел тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметі көрсететін әндер бар.

Биыл байқау комиссиясына 200-ден аса өтінім келіп түсті, олардың арасында шет
елдердің қатысушылары да бар: Индонезия, Ресей (Санкт-Петербург қ., Қазан қ.), Өзбекстан, Қытай, Қырғыстан және Қазақстан қалаларының жас таланттары: Алматы, Түркістан, Павлодар, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Екібастұз, Тараз, Нұр-Сұлтан.
Қазылар алқасының құрамына ҚР мәдениет қайраткерлері, халықаралық
байқаулардың лауреаттары С.Е.Айтбаева, А.К.Жылтыркөзов, А.Б.Балажанова,
А.А. Сетеков болды.

"Көңілдің асыл пернесі..." II Халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары:

«Елбасының сүйікті әндері толқынында» номинациясы:

12-14 жас санаты
3 орын – Эльзара Кураисова (Нұр-Сұлтан қ., № 2 мектеп-гимназиясы);
2 орын – Еңлік Байзақ ( Шымкент қ., № 55 мектебі);
1 орын – Толғанай Біржанқызы (Нұр-Сұлтан қ., № 90 мектеп-гимназиясы);
15-17 жас санаты
3 орын – Виолетта Ткаченко (Нұр-Сұлтан қ., №28 мектеп-гимназиясы);
2 орын – Жарқынай Сағатбек (Алматы қ., Республикалық Абай атындағы
мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды
балаларға арналған мектеп интернаты) ;
1 орын – Алиса Сухоносова ( Павлодар қ. № 9 мектеп-гимназиясы);

«Қасиетті домбыра» номинациясы:

12-14 жас санаты
3 орын – Ерсайын Ерсұлтан (Нұр-Сұлтан қ., № 54 мектеп-лицейі);
3 орын– Айым Сақы (Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе, № 2
орта мектебі);
2 орын – Аружан Өміртайқызы (Нұр-Сұлтан қ., № 38 мектеп-лицейі);
1 орын – Ақнұр Махмұтова (Нұр-Сұлтан қ., № 68 мектеп-гимназиясы);
15-17 жас санаты

2 орын – Жанболат Олжабай (Нұр-Сұлтан қ., № 8 мектеп-лицейі);
1 орын – Шыңғыс Асығатұлы (Павлодар қ., Ы. Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты);

«Әсем әнім сырнайдай» номинациясы:

12-14 жас санаты
2 орын – Алекс Кунг (Индонезия);
1орын – Джесика Аурелия (Индонезия)
15-17 жас санаты
3 орын – Юлия Евтеева, София Решетняк, Алина Толочилина (Ресей);
2 орын – Дастанбек Тауыпалдиев (Өзбекстан);
1 орын – дуэт «Gaben». (Индонезия).

«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы:
12-14 жас санаты
1 орын - Ағаділ Увайдулла (Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір
қаласы, № 3 орта мектебі);
15-17 жас санаты
1 орын - Данияр Смагулов, Гаухар Музафар, Жансая Амантаева (Павлодар қ.
№ 25 орта мектебі)
Байқаудың бас жүлде иегері Нұр-Сұлтан қаласының № 66 мектеп-
лицей оқушысы Рамазан Мансур.