«Бір ел – бір тағдыр» video-congrats мерекелік құттықтау

«Бір ел – бір тағдыр» video-congrats мерекелік құттықтау
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында,  Елорданың Әкелер Кеңесі «Бір ел – бір тағдыр» video-congrats  мерекелік құттықтау дайындады.  Жобаның мақсаты  патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, өз елі, халқы үшін мақтаныш сезімін ояту, басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу болып табылады. Жоба қатысушылары өз ана тілдерінде  жылы лебіздерін, ақ тілектерін: шешен, орыс, неміс, украин, татар, ұйғыр, иордан, өзбек, қырғыз тілдерінде және  барлық қатысушы өзін бақытты сезініп, қалауынша өмір сүріп, елдің өркендеуі үшін қызмет атқарып жатқан қуаныш сезімдерін, құттықтау лебіздерін мелекеттік тілде ақтарды. Жобаға белсене қатысқан мектептер: № 3, №29, №30, №46, №47, №53, №59, №81, №84.