Қасенов Жұмақан

Қасенов Жұмақан

Қасенов Жұмақан
Қасенов Жұмақан

Ата-майдангер

Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.

Сол сұрапыл соғысқа менің үлкен атам Қасенов Жұмақан 1943 жылдың 25 мамырынан  1945 жылдың 16 тамызға дейін қатысқан. Қарағанды қаласының Киров ауданынан аттанған екен. Атам шахтада қызмет істеп жүрген жерінен шақырылған. Алғашында 2 ай бойы мылтық атуды үйреніп, жаттығудан өткен. Содан 108 минометчиктер полкінде минометчик болған. Ең жауапты жұмыс полктің туын сақтау жүктелген атама, көп шайқастарға қатысқан. «Отан үшін жан пида!»- деген патриоттық сезіммен, Кенисберг деген қалада немістермен қатты шайқасқа түскен. Ол қала қазір Калининград деп аталады. Соғыстағы ерліктері үшін Атам «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кенисберга», «За победу над Германией» деген медальдармен қатар, Шығыс Пруссиядағы Прейсиш Айлау қаласын алуға барысындағы шайқастарда ерлік көрсеткені үшін Жоғарғы Қолбасшы Совет Одағының Маршалы Сталиннен Алғыс хат алған, Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Майдандағы ерліктері үшін атам «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатты...».

Атам соғыстан қайтқаннан кейін кенші болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.

Біз бүгін сол біздің жарқын болашағымыз үшін өмірлерін аямай майданға аттанған аталарымыздың аруақтарына басымызды иіп, алғысымызды білдіруіміз керек!

Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!