Көккөзов Майгел

Көккөзов Майгел

Көккөзов Майгел
Көккөзов Майгел

Ұлы​ Отан соғысына қатысқан​ ​ Көккөзов Майгел атамыздың өмірбаяны.

​Әжемнің атасы Көккөзов Майгел Ұлытау ауданы Қаракеңгір совхозында 1908 жылы дүние есігін ашқан. Артынан үш ұл дүниеге келген. Атамыз 11 жасқа толғанда әкесі өмірден озады. Сонда әжеміз 1922 жылы совхоздан ұлдарымен Қарсақбай​ ауылына көшіп келеді. Атамыз қабырғасы қайыспай еңбекке араласады. Анасымен бірге ауыл-шаруашылығында жұмыс атқарады.​ 1931 жылы Қарсақпай Мыс заводында жұмысқа орналасады. Көккөзов Майгел ата Қарсақбай Мыс заводында участканы басқарып, сол кісінің басшылығымен тәулігіне 150-160 тонна мыс концентратын майданға жөнелтіп жүрген. Соғысқа 1942 жылдың басында аттанған. Алғашқы барған кезден ақ ұрыста теңдесі жоқ ерлік көрсеткен және айрықша ерлікпен көзге түскен. 1942 жылы қараша айында Мәскеу қаласында өткен үлкен жиында “Бүкіл одақтық старосты” атағын алған. Майдан арасында жүріп оқтан жараланып, елге оралған. Сол кезде Калининнің өз қолынан Мәскеуде “Құрметті белігі Орденің” алады. Соғыс біткенен кейін 1945 жылы атамыз екінші рет Мәскеуге шақырылып “Еңбек Қызыл Ту” орденімен Калининнің өз қолынан марапатты алады. Атамыздың інілері Көшен мен Далдабай аталарымыз да Ұлы Отан соғысына қатысқан. Көшен атамыз девиза командиры болған.Соғыста жаумен​ ерлікпен шайқасып, 1943 жылы жау қолынан қаза тапты. Сол жылы үйге қара қағаз келеді. Далдабай атамыз соғыста жараланып, елге қайтарылған, оған қарамастан Далдабай атамыз елге оралып жұмыс істеген.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Аталарымыз соғыстан кейін де елімізге​ сінірген енбектері мол. Майгел атамыз Мыс заводында алғашқы стахановшы болып еңбек етті. Далдабай атамыз ірі шахта 57-де бас есепші болып жұмыс істеді. Кіші інілері Сарқыт 55 шахтаның бас есепшісі болып жұмыс істеген. Әжемнің айтуы бойынша аталарымның отбасылары​ өте тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпақтары іздерін басып жалғастырып келеді. Мен осындай Ұлы аталарымен мақтан етемін.​ ​