«Алтын дән» халық би ансамблі

Жетекшісі: Людмила Гаценко, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстер

Балетмейстер-репетитор: Снежана Гаценко.

Аты аңызға айналған "Алтын дән" би ансамблі 1977 жылы 27 ақпанда тың игерушілер сарайында құрылды. 1984 жылы оған "Халықтық" атағы берілді.

Белсенді 36 жыл ішінде «Алтын дән» көптеген алғыс хаттармен, грамоталармен, дипломдармен марапатталған, Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдерінің лауреаты, ҚР Президентінің қатысуымен өткен барлық қалалық іс-шаралардың қатысушысы болған.

2013 жылдан бастап «Алтын дән» ансамблі М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының құрамында өзінің тамаша дәстүрлерін жалғастыруда.

«Алтын дән» халық ансамблінің қатысушылары Бельгияда өткен Халықаралық фестивальде (2014 ж.) сәтті өнер көрсетіп, Испанияда өткен Халықаралық би ансамбльдері байқауының (2015 ж.) жеңімпаздары атанды.

Бүгінгі таңда ансамбльде 90-нан астам балалар мен жасөспірімдер айналысады, олар республикадағы және шетелдегі әртүрлі сахналық алаңдарда сәтті өнер көрсетіп жүр.

Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг): 10 000
  • Телефон: +7 701 7494268, +7 7172 56 21 68
  • Аудитория: Ә. Мамбетов к-сі, 20/1, репетициялық  зал
  • Сабақ кестесі:

,
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
09.30-11.30
15.00-17.00
09.30-11.30
15.00-17.00

Галерея