«Каратэ-до» секциясы

Image

Жетекшісі: Мейрамгуль Дукуева, жоғары санатты педагог, Астана қаласындағы WKF каратэ-до және дәстүрлі жекпе-жек федерациясының президенті, аға жаттықтырушы.

Спортқа деген сүйіспеншілік, керемет физикалық дайындық, дәстүрлі жекпе-жекке деген қызығушылық, жарыстарға қатысу мүмкіндігі - осының бәрі клуб таңдау кезінде ынталандырушы факторлар болып табылады. Бұл  танымал үйірмелердің бірі.

Каратэ-до секциясы Оқушылар сарайында 2003 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында көптеген балалар осы  спорт түрінен қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болуда.

Үйірме жетістіктері мұғалім жұмысының тиімділігін, оның Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан зор үлесін көрсетеді. Осы үйірменің бір қатар тәрбиеленушілері әртүрлі марапаттар мен атақтарға ие болып келеді. Бұл спорт шеберлігіне үміткерлер, Қазақстан Республикасының чемпиондары, әртүрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары, соның ішінде халықаралық деңгейдегі: Канапья Максат, каратэ-до шотокан бойынша ҚР екі дүркін чемпионы (2009, 2010 жж.), әлем чемпионы (2008, 2010 жж., Италия, Польша); Төлеген Мұхтар, каратэ-до бойынша ҚР чемпионы, әлем чемпионы (2008, 2010 жж., Италия, Польша); Кабдуллаев Алишер, каратэ-до бойынша ҚР екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2008, 2010 жж., Италия, Польша); Тогузбаев Рауан, Польшада каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионы (2010 ж.); Джапаров Акылбек, каратэ-до бойынша ҚР чемпионы, қола медалінің иегері (2011 ж.); Кабдуллаев Биржан, каратэ-до бойынша ҚР чемпионы, Баймуканова Алия, каратэ-до бойынша ҚР чемпионы; Баймуканова Аяла, каратэ-до бойынша ҚР чемпионы; Галым Майя, Қытайда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2008 ж.). 

Шығыс жекпе-жек өнері секциясына 6 мен 14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысуда. «Каратэ-до» секциясының тәрбиеленушілеріне сәттілік үнемі  серік болғай.

Альтаир Сериков пен Аскар Султан қалалық, республикалық және халықаралық турнирлердің чемпиондары болды.

2015 жылы Ергали Диархан каратэ-до шотоканнан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, ал Даниил Кан чемпиондық атақты жеңіп алды. Кулисбек Арайлым, Ибраев Галым, Кабдуллаев Алишер, Сергей Волченко, Темирлан Кадыров, Рустам Абумуталипов, Биржан Кабдуллаев, Данил Чернякин, Альлкей Ахметжанов - «каратэ-до» секциясының бетке ұстарлары мен даңқын шығарушы оқушылары.

Қосымша ақпарат

  • Айлық құны (тг): 10 000
  • Телефон: +7 701 430 5115, +7 707 855 5677
  • Аудитория: карате залы
  • Киім, керек-жарақтар: күз бен қыс мезгілдеріне арналған қосымша аяқ киім

ЖетекшісіМейрамгуль  Дукуева,
жоғары санатты оқытушы, Нұр-Сұлтан қаласының WKF каратэ-до және дәстүрлі жекпе-жек федерациясының президенті, аға жаттықтырушы.

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

1830 – 2000

1000 – 1130

1700 – 1830

1700 – 1830

1830 – 2000

1000 – 1130

1700 – 1830

1700 – 1830

1830 – 2000

Жетекшісі:
Андреев Александр Геннадьевич 

- каратэ-до жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, каратэден 3 дана қара белбеу иегері.

15 жылдан астам уақыт ол Ресейде (Барнаул, Алтай аймағы) жаттықтырушылық қызметпен айналысып, онда WKF каратэден Сібір, Ресей, Еуропа және әлем чемпионаттарында көптеген жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тәрбиеледі.

Сасаки Тошиатсу (8-ші JKMO, Саппоро, Жапония) Жапондық JKMO халықаралық ұйымы президентінің тәрбиеленушісі.

Александр Андреев - «Золотой дракон» жекпе-жек орталығының президенті, каратэден WKF белсенді спортшысы.

Қазіргі уақытта ол Қазақстанның астанасында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жас чемпиондарды тәрбиелеуді жалғастыруда.


 

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС

900 – 1030

1830 – 2000

900 – 1030

1830 – 2000

900 – 1030

Галерея