Хамзин Максұт Хамзаұлы

Хамзин Максұт Хамзаұлы

Хамзин Максұт Хамзаұлы
Хамзин Максұт Хамзаұлы

Өмірбаяны

​ Шолақаша​ ауылының тұрғыны Хамзин Мақсұт Хамзаұлы 15 қараша 1922 жылы Қарасу ауданы Қарамырза ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін учетчик болып жұмыс істеген. 1942 жылы қаңтар айында әскерге алынған. Солтүстік-батыс, Ленинград, Прибалтика майдандарында болған. 1942 жылы ауыр жараланып, алты айдан соң қайтадан майданға аттанған. Минометчілер полкінің командирі болған. (Минометчик) Ұлы жеңісті Прибалтикада қарсы алған. Көптеген медаль, ордендердің иегері. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан кейін темір жолда стрелочник, станция кезекшісі кейін станция бастығы болып жұмыс істеген. 1963 жылдан бастап станция бастығының орынбасары болып қызымет атқарған.

​ ​ ​ ​ 1983 жылдан зейнеткер. Қырық жыл темір жолда қызмет атқарған​ еңбек ардагері. ​ ​ Зайыбы Рабиға Бекенқызымен 1947 жылы қосылып, тоғыз бала өсіріп тәрбиелеп отыр. Ұлын - ұяға, қызын- қияға қондырған бақытты жандар, немере - шөбере сүйіп отыр. Жасы тоқсанға келсе де, өлең жазумен айналысады. Тойларға, немере-шөберелеріне арнап өлең шығарады. Ауылымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, аяулы да ардақты әке, ауылына құрметті ақсақал.

​ ​ ​ 2015 жылы 6 сәуір күні Хамзин Максұт Хамзаұлы 93 жаста өмірден кетті.

Мен, Жанбекова Саяна, Максұт атамызға шөбере боламын.